Yorum yapılmamış

[Қазақ тілі – Kazakça] Dünya Medyasında Oktan Keleş Ve Beyaz Piramitler

Жақында Қытайдағы көне түркі пирамидаларын зерттеуге қазақ экспедициясы аттанады

Жақында Қытайдағы көне түркі пирамидаларын зерттеуге баратын қазақ экспедициясы жасақталуда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жебе» республикалық қоғамдық-саяси апталығы Қытайдағы көне түркі пирамидаларын зерттеуге арнайы экспедиция аттандырмақ. Жуырда жолға шығатын экспедиция құрамында тарихшы ғалымдар, архелогтар, журналистер болады, деп отыр ұйымдастырушылар.

«Бұл игі шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қолдау көрсетіп, және бірқатар кәсіпкерлер демеушілік жасайды. Экспедиция құрамында белгілі дінтанушы Мұхан Исахан, белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбайлар бар. Тағы да баратын ғалымдарымыз анықталып жатыр. Сонымен қатар бірнеше блоггерлер ниет білдіріп отыр» дейді «Жебе» газеті бас редакторының орынбасары Амангелді Құрметұлы.

Маусым айында жолға аттанатын экспедиция қазір қаражат, жол жабдығын сайлап, Қытайдың мемлекеттік мекемелерінен рұқсат алу бойынша жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш пирамидаларға зерттеу жүргізген түркиялық ғалым Октан Келеш «бұл пирамидалар көне түріктердікі» деген болжам жасаған.

Türkçe Çevirisi ;

Bu piramitleri inceleyen Türk bilim adamı Oktay Keleş’in bu piramitlerin antik Türk olduğunu öne sürdüğünü hatırlayın.

Қытайдың Циань қаласынан 100 шақырым қашықтықта Цин Линг Шань деп аталатын тауларда қазір ірілі-ұсақты 100 ден астам пирамида бар.
Ол туралы алғашқы мәліметтерді 1954 жылы «Life» журналы жариялады. Ал, Қытайдағы пирамидалар алқабына экспедиция жасаған неміс ғалымы Хартвиг Гаусдоф бұл пирамидалар б.з.д 2500 жылдар шамасында тұрғызылған деген тоқтамға келген.

Kaynak :

https://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/zhakinda_kitaidagi_kone_turki_piramidalarin_zertteuge_kazak_ekspeditsiyasi_attanadi

Tags: Beyaz Türk Piramitleri, Kazakistan Basını, Oktan Keleş

Benzer Yazılar

Bir yanıt yazın

E-posta adresiniz yayınlanmayacak. Gerekli alanlar * ile işaretlenmişlerdir

Fill out this field
Fill out this field
Lütfen geçerli bir e-posta adresi yazın.